Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа с. Чапаевское отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области»
"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Чапаев ауылының жалпы білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Біртұтас тәрбие »Бағдарламасы

КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз –жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұныарқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқатән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін: - ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін; - халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; - әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Міндеттері: 1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. 2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу. 3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. 4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу. 5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу. Күтілетін нәтиже: 1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді. 2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды. 3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенгеқұрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды. 4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады. 5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды. Ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП. Ұлттық мүдде құндылығы: Қазақстан мемлекеттілігіннығайтуға атсалысу; Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруғабелсенді үлес қосу; Ұлттық мұраға ұқыпты қарау; Қазақ тілінің қолдануаясын кеңейту; Қазақстан мүддесінеқызмет етуге ұмтылу; Қоғам игілігі үшінқызмет ету; Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасызетуге дайын болу; Ұлттық мәдениеттідәріптеу; Күтілетін нәтижесі: Отаншыл, мемлекетшіл жәненамысшыл Мемлекеттік рәміздердіқадірлейді Елінің тарихын құрметтейді Ұлттық мирасты, мәдениеттідәріптейді Құқықтық және экологиялықмәдениеті жоғары Ар-ұят құндылығы: Академиялық адалдыққағидатын қолдау; Адал еңбекті құрметтеу; Сөзіне берік, ісіне адал болу; Халқына адал қызмет ету Әдеп нормаларын ұстану; Шешім қабылдай білу жәнежауапкершілікті сезіну; Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту; Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну. Күтілетін нәтижесі: Ар-ұят, адалдықты жоғарыбағалайды; Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады; Ата-анасына сүйіспеншілікпенқарайды; Достарын, сыныптастарынсыйлайды; Кішіге ізет, үлкенге құрметкөрсетеді. Талап құндылығы: - Сыни және креативті ойлау; - Жеке және командаменжұмыс істей білу; - Білуге, жаңаны тануғақұштар болу; - Физикалық белсенді болу; - Салауатты өмір салтынұстану; - Технологиялық және цифрлық дағдылардыілгерілету; - Дұрыс қарым-қатынасорната білу; - Уақыт пен қаржынытиімді жоспарлау. Күтілетін нәтижесі: - Жан мен тән тазалығынсақтайды; - Дұрыс тамақтану мәдениетінтүсінеді; - Қоршаған орта тазалығынсақтайды; - Ақпараттық, медиа жәнеқаржылық сауаттылық; - Ізденімпаз, жасампаз тұлға. Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар: Туғаннан 6 жасқа дейінгі бала тәрбиесі Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде: - баланың дербес әрекетіне қолдау көрсету; - баланың шексіз мүмкіндіктеріне сенім білдіру; - баланың қызығушылық танытқан іс-әрекеттерін сынап көруіне мүмкіндік беру ұсынылады. Ұсынылады: - бесік-жырлары, арнау-тілек өлеңдер, өтірік өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар айтысы және басқа да балалардың тілдік қарым-қатынас жасауына қолайлы халық ауыз әдебиетінің үлгілері мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінің құралы ретінде жүйелі қолдану; - балабақшада түскі (ұйқы) демалыс алдында оның жақсы ұйықтап, тынығуы үшін 0-3 жас аралығындағы бөбектерге бесік жырын (басқа да балаларға арналған жағымды әуенді әндер) тыңдату, ал 3 жастан асқан балаларға мейірімділік пен жақсылықты дәріптейтін ертегілер айту дәстүрін енгізу; - балалармен ертегі сағаттары, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала» тіл ширату жобалары мен іс-шараларын жүзеге асыру; - балалардың жас ерекшелігін, қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отырып ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын, спорттық қимыл-қозғалыс ойындарын жүйелі қолдану ұсынылады. 6-10 жастағы бала тәрбиесі Ұсынылады: - тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны, форматы, көркемдік стилі, ұсынылу тәртібі қазіргі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, қабылдауына сәйкес болуы; - қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жоспарлау арқылы тәрбие жұмысының жүйелілігін, бірізділігін, тұтастығын қамтамасыз ету; - халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасызететін дереккөзі ретінде қолдану; - бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін қолдану; - ұлттық ойындарды («Асық ату» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) баланың физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту; - әлеуметтік тәжірибелер арқылы адамдарға, жан-жануарларға қамқорлық және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарту, оларды әлеуметтік желілерде насихаттау ұсынылады. Жасөспірімнің тәрбиесі (11-15 жас)Ұсынылады: - тәрбие шаралары мен жобаларының мазмұнын, форматын, көркемдік стилін, ұсынылу тәртібін анықтауда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың психологиялық ерекшелігін, қызығушылығын назарға алып, цифрлық технологиялардың жетістіктерін ескеру; - жас ерекшеліктеріне сай келетін классикалық көркем шығармалар мен көркем әдебиеттерді ұсыну; оқылған шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адами қасиеттері мен жағымсыз әдеттерін талқылауға бағытталған кейстік жағдаяттарды шешуді ұсыну; - еліміздегі тарихи орындарға, ескерткіштерге экскурсия жасау, ел мен жер тарихы туралы деректермен танысу, театрға, музейлерге, мұрағаттарға, ұлттық парктер мен қорықтарға бару, виртуалды саяхаттар жасау немесе/және цифрлық технологиялардың жетістіктерін қолданып таныстыру; - ақын-жыраулар және ұлт зиялыларының, батырлардың, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің өмір жолдарымен, олардан мирас болып жеткен мұралармен таныстыру; тарихи, деректі фильмдерді талдау; білім алушылардың мәдени және ұлттық мұраны насихаттау бойынша бастамаларына қолдау көрсету; табиғатты қорғау, адамның әрекеттерінен туындайтын апаттардың алдын алу бойынша жобалар әзірлеу; жобаларды жүзеге асыруға отбасын әлеуметтік әріптестікке тарту; - «Гаджетсіз демалыс» күндерін ұйымдастыру, кітап оқу, спортпен шұғылдану, табиғат аясында серуендеу т.б. шаралар ұйымдастыру ұсынылады. Жастар тәрбиесі (15-18 жас) Ұсынылады: - жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс; - ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту; - ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағырухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру; - отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасын құруға жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту; - адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады. Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті: - балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық,тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға. Кешенді жоспарды іске асыруда: Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді. Жауапты мемлекеттік органдардың сертификатталған тренерлері білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына сыныптан тыс сағаттарын өткізеді, ата-аналар жиналыстары мен тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырады. Білім беру ұйымы (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімберу) басшысының (меңгерушінің, директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі (әдіскері) орынбасары міндетті: - тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; - тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады; - тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады; - тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері: - салауатты өмір салтына ынталандыру; - сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру; - білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу; - ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңдыөкілдерге) арналған консультациялар); - білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзараәрекеттесу; - аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу. Ұсыным Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларынажүктеледі. Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау, #Біртұтас_тәрбие хештегін тегтеу Ескерту: Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда ұсынылғанмақсат, міндеттер мен мазмұнын сақтай отырып, өңірдегі жергілікті ерекшеліктерді ескеру маңызды. Жоспарды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі; Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрлігі; Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі; Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;Қазақстан халқы Ассамблеясы Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктер

Жаңартылған күні: 24.10.2024 08:06
Құрылған күні: 24.10.2024 08:06

Текст