28.02.2026
«Чапаевское ауылының ЖОББМ»КММ 2026 жылы 1сәуірден 1 сыныпқа қабылдау басталады
Қызметті E-gov порталында онлайн алуға болады
Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырыңыз.
Міндетті қоса берілетін құжаттар:
Күндізгі оқу үшін:
• 3х4 см баланың сандық фотосуреті.
Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
• «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі.
• «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.
Мектепті микро учаскеде/микро учаскеден тыс таңдау мүмкіндігі.
1 сыныпқа оқуға түсуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға төменде көрсетілген мемлекеттік қызметтерді композиттік форматта (бір өтінішпен) алуға мүмкіндік беріледі:
Міндетті қоса берілетін құжаттар:
Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстары туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама).
Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган шешімінің электрондық көшірмесі.
2) «Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» (тек ауылдық елді мекендер үшін ғана қолжетімді).
ЭЦҚ өтініміне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба).
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.